ШҚО-да бір ай ішінде 36 өрт оқиғасы болған
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ШҚО-да күн суытып, жылыту маусымы басталды. Өңір құтқарушылары пештер мен электр аспаптарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, рейд жүргізген.
Күзде 68 мыңнан астам тұрғын үй тексеріліп, 20 мыңға жуық өрт қауіпсіздігі талабын бұзушылық анықталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыс бойынша тек қазан айында ғана 36 өрт оқиғасы тіркеліпті, оның ішінде ақаулы пеш себебінен - 8 жағдай орын алып отыр. Өкінішке орай, 2 адамкөз жұмған.
- Қазір азаматтардың әлеуметтік осал санаты тұратын пешпен жылытылатын үйлерді екінші мәрте аралап жатырмыз. Бүгінгі күні 820 үй тексердік. Нәтижесінде 137 үйде анықталған бұзушылықтар жойылмаған. 137 үйде бірден ескеріп, оқыс оқиғаның алын алса, 3 үйде жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жойылды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
ШҚО ТЖД пешті қалай дұрыс, ең бастысы қауіпсіз пайдалану керектігін еске салады:
- Пен пен мұржаны тексеріп, жарылған болса сылап тастаңыз;
- Пештің жанындағы еденге 50х70 см металл орнатылуы керек. Ол жанып жатқан көмірдің түсіп, өрт болудың алдын алады;
- Мұржаны кем дегенде екі айда бір рет тазартып отырыңыз;
- Пешті тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жағуға тыйым салынады;
- Балаларға пеш жағуды тапсырмаңыз және пеш жанып жатқанда балаларды жалғыз қалдырмаңыз;
Оқи отырыңыз