Өскеменде автобус қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды
Бүгін облыс орталығында қайғылы оқиғамен аяқталған жол апаты болды.
Маршруттық автобус жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік апаты салдарынан бірнеше дене жарақатын алған тұрғын оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жол-көлік апаты таңғы 06.00 шамасында "Гавань көпірі" автобус аялдамасы ауданында орын алды.
- Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодектің 345 - бабы 3-бөлігі (көлiкқұралдарын басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеу басталды,– дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.
Оқи отырыңыз