Шығысқа Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб келді
ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб Шығыс Қазақстан облысына ат басын тіреп, еңбек ұжымдарымен, көпбалалы аналармен, бизнес-қоғамдастықтың және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.
Кандидаттың жақтастары кездесулерде мемлекетті нығайтудың негізі – береке-бірлік екенін айтты.
– Соңғы үш жарым жылда еліміз түрлі сынақтармен бетпе-бет келді. Кездескен қиындықтың бәрін еңсеріп, халқымыздың бірлігі одан әрі нығая түсті. Ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық келісім, мызғымас мемлекеттік егемендік және еліміздің аумақтық тұтастығы қуатты Қазақстан құрудың негізі. Сондай-ақ бұл жолда ұлттық мүдде мен азаматтық патриотизмді қорғаудың маңызы зор. Алдағы уақытта бәріміз бірге қуатты Қазақстан құруды жалғастыра береміз деп сенемін, – деді Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.
Ал ІТ-мамандармен кездесуде штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды бағдарламасында айтылған цифрландыруға қатысты басымдықтарға тоқталды.