KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 7 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

«Торпедо» ЖХЛ-дың плей-офф кезеңінен шет қалды

24.02.2019, 05:15 236

«Торпедо» үшін 2018-2019 жылдарғы маусым аяқталды. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының соңғы турында Қытайдың Цзилинь қаласында жергілікті «Ценг Тоу» командасымен кездескен өскемендік ұжым қарсыласына ойын соңындағы буллиттер сериясында жол беріп, өз тарихында тұңғыш рет жарыстың плей-офф кезеңінен шет қалды.


Аталған матчта «Торпедо» сапында қорғаушылар Андрей Виноградов пен Роман Хисамутдинов, сондай-ақ шабуылшылар Никита Куракин мен Евгений Белухин көзге түсті. Алайда, өскемендік команданы бұл шайбалар да жеңілістен құтқара алмады. Кездесудің қосымша уақыты соңындағы буллиттер сериясында «Ценг Тоу» хоккейшілері 1:0 есебімен жеңіске жетіп, қоржындарына екі ұпайды түсірді. Торпедолықтар болса, бір ұпайды қанағат тұтты.


Қорытынды есеп 5:4 айдын иелері пайдасына.


Бұл кездесуден кейін қос ұжым ұпай жағынан теңесті. Дегенмен, қосымша көрсеткіштер бойынша алға шыққан қытайлық команда, осы арқылы плей-офф кезеңінде өнер көрсетуге мүмкіндік беретін соңғы жолдамаға ие болып, «Торпедоны» жарыстан тыс қалдырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив