KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2 м/с, Ю
482.86 533.17 5.08

«Ермакқа» буллиттер сериясында жол берді

14.01.2019, 05:00 173


Жоғары хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында Ангарск қаласында жергілікті «Ермак» командасымен кездескен өскемендік «Торпедо» қарсыласына ойын соңындағы буллиттер сериясында жол беріп қойды.


Жалпы, бұл матчта жерлестеріміз айдын иелеріне қарағанда қарсылас қақпасына екі есе көп соққы бағыттады. Алайда, бұл күні сәттілік ангарскілік хоккейшілерге көбірек жолдас болды. Кездесудің қосымша уақыты соңындағы буллиттер лотореясында «Ермак» хоккейшілері 1:0 есебімен жеңіске жетіп, қоржындарына екі ұпайды түсірді. Торпедолықтар болса, бір ұпайға ие болды. Қорытынды есеп 3:2.


Айта кетейік, бұл ойында біздің команда сапында Евгений Белухин мен Андрей Белозеровтың қанжығалары майланды.


42 матчтан кейін қоржынында 46 ұпайы бар өскемендік ұжым әзірге турнир кестесінің 16-шы сатысында тұр. Келесі кездесуін жерлестеріміз өз айдынында түмендік «Рубинмен» өткізеді. Бұл ойын 19 қаңтар, сенбі күні кешкі сағат 17:00-де басталмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив