KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями Штиль
481.84 531.33 5.07

Қазспорт арнасы қызылшеке төбелесті көрсетпейтін болды

22.02.2019, 08:11 220

Қазспорт арнасы уақытша қызылшеке төбелесті көрсетпейтіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Арнаға қатысы жоқ себептермен UFC жекпе-жектері уақытша көрсетілмейді. Келісімшарт тоқталды. Бірақ алдағы уақытта жағдай реттеліп, көрсетілім жалғасады деп сенеміз», делінген арнаның ақпаратында.


Айта кетейік, бұл бір ғана Қазспорттың басындағы жағдай емес. Бірнеше басқа елдің де спорт арналарының келісімі тоқталыпты.


Естеріңізге сала кетейік, ертең Орынбордың қазағы Дамир Ысмағұлов пен Джоэль Альварес жұдырықтасады. Кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады деп жоспарлануда. Ал оны ESPN+ және ESPN2 арналары ұсынады. Өкініштісі, екі арнаны да біздің елде тамашалау мүмкін емес.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив