KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 5,6 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

«Южный Уралды» буллиттер сериясында жеңді

15.02.2019, 12:31 154

Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 54-ші турында өз айдынында Ор қаласынан келген «Южный Урал» командасын қабылдаған Өскеменнің «Торпедосы» қарсыласын буллиттер сериясында тізе бүктіріп, екі ұпайға ие болды.


3:2 есебімен біздің команданың пайдасына аяқталған ойындағы алғашқы шайба тек 45-ші минутта ғана соғылды. Есепті «Торпедо» шабуылшысы Андрей Белозеров ашты. Араға үш минут салып торпедолықтар есепті еселеді. Шайба Кирилл Полозовтың еншісінде.


Алайда қонақтар бұған Севанькаев пен Марзоевтың дәл соққыларымен жауап беріп, таразы басын теңестеріп кетті.


Дегенмен бұл күні сәттілік біздің командаға көбірек жолдас болды. Овертаймнан кейінгі буллиттер сериясында өскемендік ұжымның шабуылшысы Кирилл Полозов жеңіс шайбасын соғып, командасына маңызды екі ұпай әперді.


Осы жеңісінің арқасында «Торпедо» турнир кестесіндегі 15-орнын сақтап қала алды. Әзірге 60 ұпайға ие өскемендік хоккейшілер келесі кездесуін қонақта бейжіңдік «КРС ОЭРДЖИ» командасымен өткізеді. Бұл ойын 21 ақпан, бейсенбі күні ойналады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив