KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями Штиль
481.84 531.33 5.07

«Торпедо» көш соңындағы командадан жеңіліп қалды

22.02.2019, 11:11 167

Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында қонақта бейжіңдік «КРС-ОЭРДЖИ» командасымен шеберлік байқасқан өскемендік «Торпедо» 2:3 есебімен жеңіліс тапты.


Қытай астанасында өткен бұл кездесудегі есепті матчтың екінші минутында айдын иелері ашты. Бұған торпедолықтар шабуылшы Андрей Белозеров пен қорғаушы Роман Хисамутдиновтың дәл соққыларымен жауап берді. Дегенмен, ойын барысында қарсыластарына қарағанда анағұрлым ширақ қимылдаған айдын иелері таразы басын теңестіріп қана қоймай, жеңіс шайбасын соғып, маңызды екі ұпайға ие болды. Айта кетейік, қазір қоржынында 33 ұпайы бар бейжіңдіктер турнир кестесінің ең соңғы орнында орналасуда.


Ал 60 ұпайға ие «Торпедо» әзірге 15 сатыда тұр. Келесі кездесуін жерлестеріміз ертең, 23 ақпан күні қонақта тағы бір қытайлық ұжым – цзилиньдік «Ценг Тоумен» өткізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив