KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Бүгін Өскеменде «Алтай» мен «Жетісу» ойнайды. Кіру – тегін

6.02.2019, 04:49 268


Өскеменде волейболдан Ұлттық лига командалары арасындағы ел чемпионатының төртінші тур ойындары басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Алғашқы ойында ел чемпиондары өскемендік «Алтай» «Қарағанды» волейболшыларымен кездесіп, қарсыластарын 3:0 (партиялардағы есеп 25:12, 25:11, 25:12) есебімен талқандады.


Бұл күнгі өзге кездесулерде талдықорғандық «Жетісу» «Астананы» (3:0), ал павлодарлық «Ертіс-Қазхром» петропавлдық «Қуанышты» (3:1) жеңсе, Өскеменнің екінші командасы – «Алтай-2» тартысты өткен матчта «Алматыдан» басым түсті, 3:2 (25:27, 12:25, 25:23, 25:21, 15:11).


Айта кетейік, әзірге жарыс көшін қоржынында 61 ұпайы бар «Алтай» волейболшылары бастап тұр. Екінші орында 53 ұпай жинаған «Жетісу» орналасуда. Бүгін қос мықты бір-бірімен кездеспек. Аталған ойын кешкі сағат 19:00-де басталады.


Естеріңізге салайық, Ұлттық лига командалары арасындағы ел чемпионатының төртінші тур ойындары Өскемендегі Жекпе-жек сарайында өтуде. Кіру – тегін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив