KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

"Алтайдың" қыздары алға шықты

26.12.2018, 08:18 278


Павлодарда волейболдан Ұлттық лига командалары арасындағы ел чемпионатының екінші тур ойындары аяқталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Осыған дейін Өскеменде өткен жарыстың алғашқы кезеңінде бір кездесуде жеңіліс тауып, турнир кестесінің екінші сатысында қалып қойған «Алтай» бұл жолы қателікке бой алдырмады. Барлық қарсыласын қамысша жапырған Юрий Панченко шәкірттері осының арқасында бірінші орынға көтеріліп, көш басында тұрған талдықорғандық «Жетісуды» екінші сатыға ығыстырды.


Бір айта кетерлігі, тур аясында жеті кездесу өткізген алтайлық арулар оның түгелін 3:0 есебімен өз пайдасына аяқтады. Әсіресе, «Алтайдың» негізгі қарсыластары саналатын «Жетісу» (0:3, партиялардағы есеп 17:25, 16:25, 20:25) мен «Ертіс-Қазхромның» (0:3 24:26, 20:25, 19:25) «жеген таяқтарын» айтсаңызшы. Осыдан кейін биылғы ел біріншілігінде талдықорғандық не павлодарлық ұжым топ жаруы мүмкін деп сәуегейсіген біраз волейбол сарапшысының аузына құм құйылғандай болды.


Тағы бір өскемендік команда – «Алтай-2» әзірге турнир кестісінің төртінші сатысында орналасуда.


Төменде оқырман назарына ұлттық лига командалары арасындағы ел біріншілігінің бірінші тур ойындарынан кейінгі турнир кестесін ұсынып отырмыз.


1. «Алтай» (Өскемен) – 39 ұпай;

2. «Жетісу» (Талдықорған) – 34 ұпай;

3. «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) – 31 ұпай;

4. «Алтай-2» (Өскемен) – 24 ұпай;

5. «Алматы» (Алматы) – 18 ұпай;

6. «Қуаныш» (Петропавл) – 10 ұпай;

7. «Қарағанды» (Қарағанды) – 6 ұпай;

8. «Астана» (Астана) – 6 ұпай.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив