KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

"Торпедоның" еншісінде бір жеңіс

5.02.2019, 09:38 113


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында Саров қаласында жергілікті «Саров» командасымен кездескен «Торпедо» 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бір қызығы, өскемендік команда соққан төрт шайбаның үшеуі қорғаушылар еншісіне жазылды. Алдымен соңғы ойындарда жақсы қырынан көрініп жүрген жас қорғаушы Дмитрий Стулов көзге түссе, артынша тәжірибелі Илья Антоновскийдің қанжығасы майланды. Бұған саровтық хоккейшілер 34-ші минутта соғылған бір шайбамен жауап берді. Дегенмен, кездесудің соңғы минуттарында торпедолықтар шабуылшы Евгений Рымарев және қорғаушы Андрей Виноградовтың көмегімен тағы екі шайба соғып, ойынның нүктесін қойды. 4:1!


Осы жеңісінің арқасында 54 ұпай жинаған өскемендік ұжым турнир кестесінің 15-ші сатысына көтерілді. Келесі кездесуін жерлестеріміз 8 ақпан, жұма күні өз айдынында қорғандық «Зауральемен» өткізеді. Бұл ойын кешкі сағат 18:30-да басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив