KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Шығысқазақстандық боксшы «Ұлттар кубогының» жүлдегері атанды

22.01.2019, 08:54 198


Шығысқазақстандық боксшы «Ұлттар кубогы» деп аталатын халықаралық турнирдің жүлдегері атанды.

Сербияның Сомбор қаласында өткен бәсекеде ұлттық құрама сапында жерлесіміз Еркежан Дәулетжанқызы да өнер көрсеткен болатын. 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жарма ауданының тумасы жарыстың финалына дейін іркілмей жетіп, тек шешуші жекпе-жекте ғана сүрінді.

Айта кетейік, Еркежан бұған дейін де бірнеше мәрте халықаралық жарыстардың жүлдесіне ие болған-ды. Сол жеңістерінің ішіндегі ең айтулысы деп 2018 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдесін айтуға болады. Жерлесіміз, сонымен қатар осыдан біраз бұрын Алматыда өткен М.Хайрудиновты еске алуға арналған халықаралық турнирде де олжа салды.

Айта кетейік, бес күнге созылған додаға еліміздің жасөспірім қыздар, жастар мен әйелдер құрамалары қатысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив