KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да жас спортшылар мұз айдынында күш сынасты

17.01.2019, 03:27 172


Сайыста Жарма аудандық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің ауыспалы Кубогі және «Полиметалл» компаниясының жүлдесі сарапқа салынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жарыста 2005 жылғы және одан төмен жылы туылған жасөспірімдер бақ сынады. Қатысушылардың ұзын саны 100-ге жуықтады. Атап айтқанда, Семей, Шар қалаларымен қатар Ұлан, Көкпекті және Жарма өңірінің үздік командалары мұз айдынында өзара шеберлік байқасты. Облыстық деңгейдегі дода Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты орайластырылған екен.


Тартысты бәсекелердің нәтижесінде, Ұлан ауданының жасөспірімдері қарсылас жыдатпай жеңімпаз атанды. 9 ұпайды еншілеген жармалықтар орынды қанағат тұтты. Үздіктер қатарын 6 ұпаймен көкпектілер қорытындылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиесілі кубок және медальдарына ие болды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив