KZ
Өскемен
+19°
сильный дождь жел 6 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Денис Уланов Алтай ауданындағы жерлестерімен кездесті

7.01.2019, 03:42 266


Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, ауыр атлетикадан еліміздің спорт шебері Денис Уланов Алтай ауданына барып, жергілікті балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Денистің өзі де осы спорт мектебінің түлегі екенін айта кеткен жөн. Кездесу барысында белгілі зілтемірші балаларға өзінің спорттық мансабы, мақсаттарға жетудегі қиындықтары мен алғашқы жеңістері туралы айтып, жиналғандарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Кездесуге Олимпиада жүлдегерінің алғашқы жаттықтырушысы Иван Строкатов та қатысқанын айтқан абзал.


Тағылымы мол шараға, сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарова мен аудандық мәслихаттың хатшысы Лариса Гречушникова келіп, даңқты жерлестеріне өңір спортын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады.


Айта кетейік, 25 жастағы ауыратлеттің 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия біріншілігінің жеңімпазы және Универсиада чемпионы деген атақтары бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив