KZ
Өскемен
-7°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Шығысқазақстандық әскери қызметші самбодан әлем чемпионы атанды

Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

15.09.2023, 11:46 326 Ләззат Қанатқызы

Орал қаласында самбодан өткен Әлем чемпионатында шығысқазақстандық Талғат Амренов алтын медаль иегері атанды.

Еліміздің батысындағы Орал қаласында шеберлер арасында әлем чемпионаты өтті. Үш күнге созылған дүбірлі додаға әлемнің 18 елінен 35 жастан асқан 600-ге жуық татами шеберлері қатысқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Самбо күресінен спорт шебері, Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің гарнизондық спорт кешенінің бастығы, аға лейтенант Амренов Талғат бұл жолғы әлемдік бәсекеде қарсылас шақ келтірмеді.

Талғат Қанатұлы - Қазақстан Қорғаныс министрлігі армиясының орталық спорт клубының спортшысы, дзюдо, самбо күрестерінің спорт шебері және осы екі спорт түрлерінен Қазақстан чемпионы, ересектер арасындағы Қазақ күресінен Қазақстан және әлем чемпионы, қазақ күресінен халықаралық спорт шебері, көптеген жарыстардың жүлделі жеңімпазы. Биылғы «Шығыс Қазақстан барысы» жарысының жүлделі ІІ орын иегері.

Әлем чемпионатындағы жүлделі жеңісінен кейін Талғат Амреновты Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қабылдап, жүлделі жеңісімен құттықтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу