KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да ертең найзағай ойнап, жел соғады

Фото: шартты сурет

29.05.2023, 15:54 789

Қазгидрометтің ақпаратына сәйкес, 2023 жылғы 30 мамырда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде (Риддер қаласы), шығысында (Алтай ауданы, Катонқарағай ауданы) найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.

ШҚО ТЖД найзағай кезінде мынадай қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертеді: егер сіз найзағай кезінде үйде болсаңыз, сымдарға, антенналарға жақындамаңыз, терезелерді жабыңыз, теледидарды, радионы және басқа да тұрмыстық техниканы өшіріңіз және металл заттарға қол тигізбеңіз, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Егер сіз найзағай кезінде көлікте болсаңыз, терезелерді жауып, радио антеннасын түсіріп, жол жиегінде немесе автотұрақта, биік ағаштардан алыс тоқтап, ауа райы тұрақталғанша күтіңіз. Биік жерде немесе ашық далада тұрмаңыз, ауа райының қолайсыздығы кезінде көлікке жанармай құюға бармаңыз, көліктер арасында немесе көлік корпусының үстіне, металл заттарға отырмаңыз, көліктің астына тығылмаңыз, қолыңызға металл заттарды ұстамаңыз», – деп ескертеді тұрғындарды ШҚО ТЖД мамандары.

 Найзағай кезінде велосипед пен мотоцикл қауіпті болуы мүмкін. Оларды жерге жатқызып, кем дегенде 30 метр қашықтыққа кету керек.

Мамандар кеңесіне жүгінсек, егер далада болған жағдайда: найзағай аймағында жүгіруге болмайды, барлық металл зергерлік бұйымдарды (алқалар, сақиналар, сырғалар) денеден шешіп тастау қажет. Электр желілеріне немесе биік ағаштарға жақындамаған, металл қоршаудың, болат құбырлардың, рельстердің, сонымен қатар басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаған дұрыс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу