KZ
Өскемен
+16°
туман Штиль
474.83 515.38 5.5

Тілсіз жаумен күреске дайындық жоғары - ШҚО

Фото: liter.kz

29.05.2024, 17:25 118 Ләззат Қанатқызы

Шығыс Қазақстан облысында биыл өрттің қауіпті кезеңі басталғалы екі орман өрті тіркелген. Мамандардың айтуынша, өрттің шығуына негізінен найзағай және қолайсыз ауа райы себеп болған.

Естеріңізге сала кетейік, биыл өңір бойынша өрттің қауіпті кезеңі 8 сәуірде басталған. Бұл туралы облыс әкімдігінің мәжілісінде табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Есентаев мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биыл мемлекеттік орман күзетінің дайындығында 226 өртке қарсы техника және 4 мыңнан астам өртке қарсы құрал-жабдық дайындалған.

-      Бізде қазір 36,3 тонна дизель отыны және 63,4 тонна бензин қоры бар. Жалпы орман өртін ауыздықтауға 1361 адам жұмылдыра аламыз, - деді Арман Нағашыбайұлы.

Өңірдің орман және дала аймағындағы ықтимал өрттерден халықты, аумақтарды және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы орман және дала өрттерін алдын алу және жою жөніндегі іс-қимыл жоспары жасалған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив