KZ
Өскемен
+7°
ясно Штиль
443.03 480.38 4.91

Өскемен тұрғыны 128 келіден астам марихуанамен ұсталды

Фото: Аltaynews

6.04.2023, 22:17 123

ШҚО полиция департаментіндегілер тәркіленген есірткі 64 мың бір реттік дозаға тең екенін айтып отыр.

ШҚО ПД ПБОП қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аса ірі мөлшерде есірткі затын өткізудің жолын кесті, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Департаментте айтылғандай, Өскемен гараж кооперативтерінің бірінде 32 жастағы азамат ұсталған. Оның жанында және өзіне тиесілі гаражда қала аумағында одан әрі сатуға арналған 128 келіден астам марихуана табылып, тәркіленді.

   Тәркіленген есірткі құралдары 64 мың бір реттік дозаға тең. Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 3-тармағының 297-бабы 3-бөлігі (өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,  деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.


Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив