ШҚО-да ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы сотталды
Фото: Aikyn.kz
ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының экс-басшысы Владимир Гайламазян 3,5 жылға сотталды.
Ол қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болған Владимир Гайламазян мен жергілікті ЖШС-лардың бірінің басшысына қатысты қылмыстық іс Өскемен қалалық №2 сотында қаралды.
Белгілі болғандай, 2020 жылы екеуі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау тәртібін бұзып, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған.
Бұл өтініштерге Ауыл шаруашылығы басқармасы теріс жауап беруі тиіс еді. Алайда басқарма басшысы араласып, қоластындағы мамандарға барлық арызды мақұлдауды тапсырған. Нәтижесінде мамандар оң қорытынды жасап, өтініштерде көрсетілген ЖШС есепшотына бюджеттен 979 600 000 теңге аударылған.