Жеңілдікпен iPhone 15 алмақ болған өскемендіктер алаяқтың арбауына түсті
Фото: pb74.ru
Жеңілдікпен iPhone 15 алмақ болған облыс орталығының тұрғындары алаяқтың арбауына түсіп қалды.
Қала тұрғындары әлеуметтік желіден ұялы телефонды небәрі 650 мың теңгеге сатып жатқан интернет-дүкеннің жарнамасын көріп қалған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Дереу интернет-дүкенмен байланысқа шыққан оларға сатушы тауардың сертификатын ұсынып, семідеріне кірген.
Артынша, екінші деңгейдегі банктердің бірінде ашылған есеп айырысу шотының ресми төлем деректемелерін ұсыныпты. Қала тұрғындары телефонды нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан сатып алмақ болып, ақша аударып жіберген.
Күдіктілердің жеке басы әлі де анықталмаған көрінеді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.