KZ
Өскемен
+3°
небольшая облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Тарбағатайда бензин тағы қымбаттай ма?

19.04.2023, 15:35 349 Ләззат Қанатқызы

Елімізде осы уақытқа дейін 182 теңгеден сатылып келген Аи-92 және Аи-93 маркалы бензині 12 сәуірден бастап 205 теңгеге қымбаттады.

Ал тарбағатайлық тұрғындар қаңтар айынан бері жанармайдың литрін 210 теңгеден сатып алып жүр. Жергілікті әкімдік бұл жағдайға арадағы делдалдардың бағаны өсіруі себеп болғанын айтқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әу баста жергілікті тұрғындар бензинді елде жоқ бағаға сатып алатындарын айтып, шағымданған еді. Ал аудан әкімдігі Энергетика министрлігіне Павлодар мұнай өнімдері зауытынан жанар-жағармайды тікелей алуға қолғабыс етулерін сұрап хат жазғандарын айтып, жауап күтіп отырған болатын.

Қазір жанар-жағармаймен айналысатын жергілікті 3 кәсіпкер бар. Өкінішке орай, ешқайсында мұнай өнімдерін сақтайтын қойма жоқ. Тек жанармай құю бекетінің жанында белгілі бір мөлшерде ғана сақтайтын орын бар. Сондықтан көп жанармай әкеле алмайды. Біз көбінесе Павлодар мұнай өңдеу зауытымен жұмыс істейміз. Олардың алғышарты бойынша,  әрбір жанармай сататын кәсіпкердің сақтайтын қоймасы болуы керек. Ал бізде ол жоқ болғандықтан нефтебазасы бар кәсіпкерлер арқылы аламыз. Ол, әрине, зауыт бағасынан қымбатқа шығады. Ал Павлодардан 172-173 теңгеден алған бензин бізге жеткенше жолы бар, акциздік төлемдері бар, жалақыны қосқанда қымбаттау шығып кетеді, дейді аудан әкімі.

Арада 4 ай уақыт өтсе де, бұл мәселе шешімін таппады. Керісінше, елдегі бензин бағасы қымбаттап кетті. Жанармай 182 теңгеден сатылғанда 210 теңгеден алып жүрген тарбағатайлықтар енді баға одан әрі қымбаттай ма деп алаңдаулы. Бұл сұраққа аудан әкімі Дархан Жөргекбаев жауап берді.

Жанармай бағасы өсіп жатқанын барлығымыз білеміз. Қазір кәсіпкерлермен сөйлесіп, бағаны бұдан артық өсірмеуге тырысамыз. Бірақ тағы ортадағы делдал кәсіпкерлерден қымбатқа алатын болсақ, еріксіз бізде де қымбаттауы мүмкін. Біз осымен тоқтап қалмаймыз. Үлкен операторлардан франшиза сатып алсақ деген жоспар болған. Оны іске асыру үшін қазір инвестор іздестіріп жатырмыз,  деп атап өтті Дархан Шомпайұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив