KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Алтайлықтар тыл ардагерін құттықтады

5.05.2023, 20:17 480 Ләззат Қанатқызы

Алтай ауданында бірнеше жыл қатарынан тыл еңбеккерлерін арнайы үйіне барып құттықтау дәстүрге айналған.

Биыл да дәстүрді бұзбай, Жеңістің 78 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тыл еңбеккерін құттықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бөлім мамандары аудан әкімі Ернар Мустафиннің атынан тыл еңбеккері И.Прокопьевке барып, мерекемен құттықтап қайтты.

  Ауданда жыл сайын ұйымдастырылатын бұл акция тыл еңбеккерлерінің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі үшін, соғыс және соғыстан кейінгі жылдардағы еңбегі үшін алғыс пен ризашылықты білдіреді. Біз олардың ерліктерін мәңгі бағалаймыз, есте сақтаймыз және мақтан тұтамыз, дейді аудан әкімдігінің қызметкерлері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив