Абай облысындағы орман қасақана өртелуі мүмкін бе?

Фото: smi24.kz
12 маусымда әлеуметтік желілерде өрт қоюға әрекеттенген жерлерді көрсететін видео тарады.
Аталмыш бейнематериалдың таралуына байланысты Абай облысының әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыс әкімдігінің Telegram-арнасында атап өткендей, видео авторы өрттің шығу көзі найзағайдың түсуінен емес, қасақана өртенуден болған деп есептей отырып, өрттің ықтимал себебі туралы сұрақ қояды.
Өрттің көзі табиғи найзағай түскендігінен емес, қасақана өртеу болуы мүмкін деп болжайды.
Басқарма БАҚ және әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату үшін бас бостандығынан айыруға дейін жазаланатынын еске салды.