Зайсанда қатты жел салдарынан тұрғын үй сайдингі ұшып кеткен
Кеше түнде соққан қатты жел Зайсан ауданындағы бірнеше ғимаратқа зақым келтірген.
Спамбетов көшесіндегі 5 қабатты үйдің сайдингі ұшып кетсе, жеке үйлердің қоршауы мен Аубакиров саябағындағы ағаштар құлаған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Қала әкімдігі жауапты тапсырма берілгенін, үйдің қабырғасы осы аптаның соңына дейін жөнделетінін жеткізді.
- Тұрғындарда ешқандай қоңырау түскен жоқ. Аудандағы ТЖ қызметіне де жүгінгендер болмаған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Өскеменде коммуналдық қызметтер де қатты желдің салдарынан күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
- Қызметкерлер тротуарлар мен жолдар құлаған бұтақтарды тазалайды, сонымен қатар қала көшелерін жапырақтан тазарту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Облыс орталығында ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ, - дейді «Таза Өскемен» ШЖҚ КМК мамандары.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы апта өңірде қатты жел соғып, жауын-шашын болады.
Оқи отырыңыз