Зайсаннан Алматыға, Астанаға ұшамыз ба?
Фото: mixyfotos
Зайсандықтар жергілікті әуежайда рейс санын көбейтуді сұрады.
Мұндай ұсынысты аудан тұрғындары облыс әкімі Ермек Көшербаевпен кездескен кезде айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бүгінде әуежай Шығыс Қазақстан облысының екі қаласында ғана бар – Өскеменде және Зайсанда. Зайсанға еліміздің авиакомпанияларының бірі аптасына төрт рейс жасайды.
Бірақ тұрғындар Астана мен Алматы қалаларына да рейс ашуды сұрап отыр.
Аталмыш бағыттарға сұраныс жоғары екенін атап өткен облыс әкімі бұл мәселе бейінді министрліктер, комитеттер мен басқармалар деңгейінде қаралуы тиіс екенін айтты.
Оқи отырыңыз