Күршімдік кәсіпкер жеңілдетілген несие алып дүкен ашты
Күршім ауылында «BalaMarket» балалар дүкені ашылды. Жас кәсіпкер Назым Әлімханова 2,5% жеңілдетілген несиенің көмегімен ашқан сауда үйінде бүлдіршіндер мен жас аналарға қажеттің бәрін табуға болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Назым Жангелдікқызы өз кәсібін 2020 жылы бастаған. Әу баста үйінде отырып, әлеуметтік желі арқылы балалар жүргегін сатып, артынша шыған ғиимаратты жалға алған.
Келушілері көбейіп, сұраныс артқандықтан жастарға арналған 2,5% жеңілдетілген несиенің көмегімен өз дүкенін ашады.
Бүгінде мемлекеттік қолдауымен ашылған "BalaMarket" дүкенінде 3 адам жұмыс істейді.
- Несиені өз кәсібімді кеңейту мақсатында алғанмын. Үйде отырып ашқан шағын ғана кәсібім бүгінде ауыл тұрғындарына пайдасын тигізіп жатқанына қуаныштымын. Жетістікке жетудің ең басты қағидасы – өз ісіңді сүйіп, қанағат ете білуде, - дейді жас кәсіпкер.
Оқи отырыңыз