Күршімдік кәсіпкер мемлекеттік несиеге түшпара цехын ашты
Күршімдік кәсіпкер Райхан Нұрғазина мемлекет тарапынан ұсынылған тиімді несиеге «Арема» атты шағын түшпара цехын ашып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қаржылай көмектің арқасында кәсіптің аясы кеңейе түсті. Алғашында Райхан өзі істесе, қазір екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Өндіріс көлемі де едәуір артты. Дәмді тағамдарды күршімдіктер ғана емес, облыс орталығынан, басқа ауылдардан да «Райханның түшпарасы» деп іздеп жүріп алады.
– Кәсібіме қолдау көрсеткен аудан әкімдігіне алғыс айтамын. Басында үйде жасап, дүкендерге таратып отыратынмын. Түшпара, мантым халыққа ұнап, сұраныс көбейді. Өнім түрлерін көбейттім, – дейді Райхан Нұрғазина.
Райханның айтуынша, көктем шыға өнімге сұраныс екі есе көбейді. Кәсіпкер мұнымен тоқтап қалмай, кәсібін одан әрі дамытуды көздеп отыр.
Оқи отырыңыз