Өскемендегі 11 учаскеде су тасқыны қаупі бар
Өскемен қаласындағы қай аудандарда су басу қаупі басым екені анықталды.
Алдағы күндері күн жылынып, термометр бағаны +5 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Облыс орталығының құтқарушылары су тасқынының алдын алу шараларын күшейтіп, қаладағы су құбырлары мен бұлақтарды тазартып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазір қарғын сумен күресу мақсатында 75 техника мен жағалауларды толтыру және нығайту үшін инертті материалдар дайындалуда.
Әкімдік өкілдерінің сөзіне сүйенсек, биыл қаладағы жағдай 2018 жылмен салыстырғанда бірнеше есе жақсарған көрінеді. Ол жылдары топырақтың қату тереңдігі бір жарым метрден жоғары болса, қазір ол орташа есеппен 75 сантиметрді құрайды.