KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
484.11 528.79 5.03

Өскеменде су тасқынының алдын алуға дайындалуда (видео)

3.10.2020, 23:08 90

Өскеменде су тасқыны қауіпі бар мерзім мен қыс мезгіліне дайындық басталып кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы шаһар басшысы Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

- Әр жыл сайын күзде біз су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша үлкен жұмыс атақарамыз. Биыл жыл сайынғы жоспарға кіретін үйреншікті жерлерден бөлек Промбаза ықшам ауданындағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Ватутин көшесінің бойымен тау бұлағы ағып жатыр, ондағы су деңгейі жауын-шашын мен еріген қардың салдарынан айтарлықтай көтеріледі. Осы жерде жаңбырлы ауа райында бұлақты қоректендіріп тұрған жер асты суларын бұру туралы тапсырма бердім, - дейді қала әкімі.

Айта кетсек, қалада барлығы сегіз қауіпті орын бар, қазір ол жерлерде жұмыстар күшейтіліп, қараша айының соңына дейін аяқталады.

Сонымен қатар, қар тазалайтын арнайы техникаларды қысқа әзірлеуде. "ТАЗА ӨСКЕМЕН" коммуналдық кәсіпорны қыс мезгіліне дайындықты шілде айында бастап кеткен болатын.

- Бүгінде екі грейдер жөндеуден өтіп, он трактор сатып алынды, қазір жолдарға себетін материалдар алынуда. Дайындық және жөндеу жұмыстары әлі де жалғасады, - дейді Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив