KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
501.31 520.11 5.33

Курчатовта дөңгелек зауыты салынуы мүмкін

30.09.2020, 13:53 54

Курчатов қаласында өндірістік өнім өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 88,1 миллион теңгеге (17,9 пайыз) артты. Қалада жаңа зауыт салынуы мүмкін.

– Өндіріс саласына қатысты қызықты инвестициялық жобаларымыз бар. Қазір «Рэкорд ЛТД» компаниясы бастама көтеріп, Курчатовта дөңгелек және резеңке бұйымдар жасап шығаратын зауыт құрылысын салуды ойласып жатырмыз. Бұл жоба облыстың кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу мақсатында аймақтық Үйлестіру кеңесіне берілді, – деді қаланың ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Светлана Кайдарова.

Мұнымен қатар қалада елдегі пандемияға байланысты халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту салаларына да көбірек назар аударылған. Соның нәтижесінде бұл бағыттарда ілгерілеу байқалады. Маманның сөзінше, жұмыс іздегендер саны былтырғыдан 61 адамға азайған.

– Ресми тіркеу бойынша, жұмыссыз адамдар саны – 100. Облыс көлемінде есептесек, бұл төмен көрсеткіш. Қазір 249 адам тұрақты жұмысқа орналастырылып, 108 адам қоғамдық жұмыстарға қабылданды, – деді Светлана Кайдарова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу