ШҚО ТЖД мамандары мұз үстінде болатын қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында «Мұз 2024» акциясын қайта қолға алды, деп хабаралайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл қысқы балық аулаудың қауіптілігі мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салуға бағытталған республикалық акция.
Өңірде су қоймалары аз емес. Осы су қоймаларында балық аулауға әуес тұрғындардың да саны артып жетіледі. Қыста мұз үстінде отырып балық аулаумен айналысатын балықшылар, қысқы қызығушылықтарымен ерте айналысқысы келіп, бетінде мұзы қатпаған су қоймаларына шығып кетеді. Жыл басынан бері өңірде көктем-күз мезгілдеріне балық аулау барысында 4 адамның суға кету фактісі тіркелді.
- Көп жағдайда балықшыларың су айдынында қаза болуына сақтық шараларын сақтамауы себеп болады. Яғни құтқару жилеттерінің болмауы, өз күштерін асыра пайдалануы, мұздың қалыңдығын ескермеуі. Бұл төрт жағдай ауа райының күрт өзгеруіне және балықшылардың жанында құтқару құралдарының болмауынан орын алды, – деді ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ерік Тұрсұнғалиев.
Мұз айдынындағы қауіпсіздік туралы халықты құлақтаныру үшін төтенші жағдай қызметкерлері әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттар жариялап, мектептерде оқушылармен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар балықшылық пен аңшылыққа арналған дүкендерде рейдтер өткізіп, қысқы балық аулаудың қауіптілігі мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салды.
– Рейдтердің барысында балықшылармен түсіндіру әңгімелері жүргізіліп, онда мұздың қалыңдығын дұрыс бағалау, мұз жарылған жағдайда қалай әрекет ету және зардап шеккендерге көмек көрсету туралы айтылды. Рейттік шара жүргізу кезінде көбінесе қарапайым халықтың балық аулау кезінде жұқа мұзға шықып кету жағдайы, яғни ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 412 бабы суда су қауіпсіздігі ережелерін сақтауға ерекше мән береміз. Жергілікті атқарушы органдармен, полиция қызметкерлерімен бірге балық аулау және аңшылық дүкендерінде 1300-ден астам алдын алу шараларын өткіздік, мектептерде профилактикалық алдын алу шаралары аясында «Абайлаңыз, жұқа мұз» тақырыбында 27 интерактивті сабақ өткізілдік, – деп қосты Ерік Тұрсұнғалиев.
Қысқы балық аулау кезінде балықшылардың жанында құтқаруға қажетті құрал-жабдықтары болу керек. Әйтпеген жағдайда 25 мың теңге көлемінде айыппұл салуыны мүмкін.
- 2024 жылдың басынан бері су қоймаларында азаматтардың ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 412 бабы суда су қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 2 фактісі тіркелді. Атап айтқанда, Бұқтырма су қоймасында азаматтар жұқа мұзға автокөлікпен шығып кеткен, ал Быструха су қоймасында жұқа мұзда балықшылар құтқару кеудешелерін кимеген. Құқықбұзушыларға 7 АЕК көлемінде айыппұл салынды, – деп қосты ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері.
Міндетті жабдықтардың қатарында құтқару жилеттері, ағаш таяқ, диаменті 11 мм кем емес кендір жіп, ысқырауық, мұзға қадауға арналған біз болуы керек.
- Қыста балықшы қабат-қабат киініп алатыды. Мұздың үстінде, бір орында табжылмай отырады. Мұз айдының үстінде жүрудің өзі қауіпті. Өйткені бір жерде мұздың қалыңдығы 10 см, біржерде одан аз болуы мүмкін. Сондай жағдайлар үшін, қауіпсіздік мақсатында балықшылар қолдарына қалың таяқ ұстауы керек. Онымен өз алдындағы жолды соғып, мұздың жарылуы жарылмауын тексере алады. Сонымен қатар, құтқару жилеттері де маңызды. Мұз ойылып суға құласа, қалың киімдері шылқылдап, адамды бірден астыға тартып, батырып әкетеді. Осы кездер судың бетінде қалқып қалуға осы құтқару жидеттері көмекке келеді, – деп түсіндірді құтқарушы Андрей Лисянский.
Арқан немесе жіп батушы адамды құтқаруға арналған құрал. Суға түсіп кеткен адамды көрген жағдайда, оның жанына жанталаса жүгіруге болмайды. Өйткені жұқа мұз жарылып, суға өзіңізде түсіп кетуіңіз мүмкін. Сондай кезде арқанды алыстан лақтырып, адамды тартып алуға болады.
Сонымен қатар құтқарушылар, батқан адамды құтқарып шығарған соң, жедел жәрлем қызметі келгенше қалай әрекет ету керектігін түсіндірді.
- Судан шыққан адамның қол-аяғы жай ғана көгеріп, қызарып тұрса, ондай жаймен уақалап жылату керек. Ал егер онда күлдіреу пайда болғанын байқасаңыз, онда еш уқаламай, сыртын матамен қабаттап, жақысалап танып, сыртынан целофан кигізіп қоға болады. Целофан жылуды сыртқа шығармай, іште сақтайды. Егер күлдіреудің ішінде сұйықтық барын не басқасын байқасаңыз, онда адамды 15-20 градусқа жылытылған ваннаға отырғызып, судың температурасын жәймен көтеру керек, – деп қосты құтқарушы Андрей Лисянский.
Кез келген балықшы өзіңнің және өзгенің өмірін құтқаруға себеп болатын құрал-жабдықтарды қасында ұстауы, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауы мемлекетпен бекітілген талап. Бұл адам өмірінің қауіпсіздігі үшін қажет шаралар.
Айта кету керек, ШҚО ТЖД қызметкерлері балықшыларға мұздың беті кемінде 10 см қатпаған жағдайда адамдарға, 25 см қатпаған жағдайда көліктерге мұз айдынына шығу қауіпті ескенін еске салады.
Ақерке Рағызбаева
Фото: Жәнібек Ырысбай