KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Көлшіктерге қамалып қалған балық қалай құтқарылады - Зайсан

25.09.2020, 04:59 168

– Қара Ертіс қар суына толыққан кезде Зайсанды ернеуінен асырады, – дейді «Байтоғас» ауыл шаруашылығы кооперативінің директоры Болатхан Асылханов.

– Сол кезде көл маңындағы шағын ойпаттарға су толып, көл балығының біразы сонда қоныс аударады. Кейін су қайтқан кезде жолы жабылып бірнеше мың балық жаз бойы сонда өмір сүруге мәжбүр болып қалады. Қыс кезінде көлшіктер түбіне дейін мұз болып қатып, жаңағы балықтар қырылып қалады. Күн жылынған көктемгі мезгілде мыңдаған тонна шіріген балық қайта көтерілген көл суымен көк айдынға құйылады. Өстіп, көл суын улайды. Міне, сізге керек болса нағыз экологиялық апат.

Осыған дейін Ертістің маңайындағы көлшіктерде қамалып қалған балықты құтқарып келген кооператив мамандары, биылдан бастап Зайсан көлінің өздеріне тиесілі бөлігінің маңына жіті зер сала бастаған. Көл маңындағы көлшіктерден бөлек, қамыс арасында қамалық қалған балықтарды құтқара бастады. Бұған дейін осындай аумақтарға көп көңіл бөліне бермей келгенін алға тартқан Болатхан Асылханов, өздеріндегі егерлік қызмет мамандарының арнайы көл бойын аралап, мұндай жерлердің біреуін емес, бірнешеуін тапқанын айтады.

– Балық құтқару жұмыстары кезінде біздің жігіттер сегіз күн көл басында жатып жұмыс істейді. Сонау Ақтүбек, Қарсақбай, Бесшана, Жалтыр учаскелермен бірге Ертістің ішін түгелдей сүзіп шығамыз. Бір көлшіктің өзінен екі мыңға жуық балықты сүзіп аламыз. Жанымызда облыстық орман шаруашылғы және жануарлар дүниесі инспекциясының, әкімдіктің, экологтар мен табиғат қорғау саласындағы құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірге жүріп, сүзген балықтарымызды санайды. Биыл ғана біздің құтқарған балықтарымыздың саны екі миллионнан асып жығылды, – дейді Болатхан Асылханов.

Сүзіліп алынған балықтар арнайы су толы бөшкелерге салынып, Зайсан мен Күршім аудандарын байланыстыратын Қара Ертістегі Боран көпірінің астында, Зайсан көлінде төгіліп, қайтадан суға жіберіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив