Сөмкелері Ертіске түсіп кеткен жасөспірімдерге құтқарушылар көмектесті
![](/kz/uploads/posts/iblock/9ad/9ad0561af7710c1589c60043ae0f4bba.jpeg)
Екі бозбала ішінде құжаттары бар сөмкені өзенге түсіріп алып, Төтенше жағдайлар қызметінің көмегіне жүгінді.
- 13 қыркүйек күні түстен кейін жасөспірімдер Славский жағалауында доп ойнап жүрген. Доп Ертіс өзеніне қарай ұшып кетіп, жігіттер оны алғысы келген. Осылайша құжаттар мен заттар салынған сөмкені олар түсіріп алады, - деді Өскемен ТЖБ баспасөз қызметі. - Оқиға орнына мамандандырылған отряд қызметкерлері келіп, өздерімен бірге қайық алып кеп, кәмелетке толмағандарға көмектесті.
Оқи отырыңыз