KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 1 м/с, С
441.58 480 4.86

Абай175: Шығармашыл жастар арасында республикалық мүшәйра өтеді

3.09.2020, 06:48 188

Педагогикалық  Ғылымдар Академиясы талантты шығармашыл жастар арасында әдебиет пен журналистиканы насихаттау мақсатында республикалық «Мүшәйра» конкурсын ұйымдастыруда.

Қыркүйек айында  республикалық  «Мүшәйраның»  аймақтық іріктеу кезеңі өткізіліп,   қазан айында еліміздің әр аймағынан дараланып шыққан 3 үміткер Алматы қаласында өтетін республикалық «Мүшәйра» конкурсына  қатыспақ. 

-  Бұл шара  қалам  ұстаған жастардың қанаты қатайып қиядан самғайтын шағында, бақтары мен баптарын сынайтын сәттің бірі деп ойлаймын. Әдебиет майданына, өнер өлкесіне қадам басқан әр қаламгерге жігер беретін,  бәйгеге түсетін зор мүмкіндік. Мүшайраға қатысушы барлық шығармашылық жастарға  шалқар шабыт, терең ой, жылы жүрек тілеймін! – дейді ШҚО бойынша жобаның өңірлік ұйымдастырушысы, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры Шағангүл Жанаева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив