KZ
Өскемен
-17°
переменная облачность жел 1 м/с, С
506.43 522.43 5.28

"Қар қызындағы" Аманжанның қолынан шыққан ағаш бұйымдар

27.08.2020, 08:33 255

Оралхан Бөкейдің "Қар қызы" шығармасын оқымаған адам кем де кем шығар. Повестегі басты кейіпкерлердің бірі Аманжанның прототипі, Аманжан Нұқсара ағамыз қазір Қатонқарағай ауданында тұрады.

«Жігітке жеті өнерде аз»деген нақыл бейне бір Аманжан ағамызға арнап айтылғандай.Ол зергерлігімен де, ағаштан түйін түйетін шеберлігімен де,өрімшілігімен де, әншілік өнерімен де, қаламға жүйрік, ақынжандылығымен де аудан, облыс тұрғындарына жақсы таныс.

Оның қолынан шыққан әшекейлі заттар– күмістен соғылған сырға,жүзік, білезік бүгінгі таңда да қыз-келіншектердің, сақа бәйбішелердің сұраныстарына ие. Бүгінде қазақи дастарханның көркіне айналған ағаш астау, қымыз құятын шылапшын мен шөміштің де А. Нұқсараның қолымен жасалғанын қалайтындар баршылық. Өйткені ол өз қолынан шыққан қандай бұйымның болсын сапалылығына, сәнділігіне барынша мән береді.

«Қар қызы» повесінің алғашқы нұсқасы 1977 жылы жазылып, кейін қайта өңделіп, 1984 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» жинағына енді. Орыс тіліне аударылу барысында мүлдем қайта жазылып, соны оқиғалар мен жаңа кейіпкерлер қосылған да, айтылар ой түп қазығын тауып, авторлық концепция анықтала түскен. Жазушы повесте табиғатты негізгі фон ретінде ала отырып, оның құпия-сырларымен бірге адам жан сырының қалтарыстарын ашуға ұмтылады. Шығарма сюжетінде, қыс ортасында мал азығы таусылып қалады да, үш жігіт (Нұржан, Бақытжан, Аманжан) ауылдан алыс, ақ қар, көк мұзды тау арасынан трактормен шөп әкелуге шығады. Бір-бірінен айнымайтын тау шоқыларының арасында жолдан адасып, 40 градус суықта қардың тұтқынында қалады. Шөптен бұрын өздерінің үсіп өлу қаупі туады. Сөйтіп, өмір мен өлімнің күресі басталады. Міне, осы кезде кімнің кім екені танылып, адамға тән жақсылы-жаманды әртүрлі қасиеттер ашыла бастайды. Автор мұны бірден жарқыратып жайып тастамай, біртіндеп жеткізіп отырады. Осылайшы сюжет кезегімен шым-шытырық жалғаса береді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу