KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
510.49 527.29 5.27

Азия ойындары-2025: Қазақстандық биатлоншылар алғашқы жарыста үздік бестікке енді

Бүгін, 09:00 90 Төлеуғазы Жансая

Бүгін Азия ойындарында биатлон бойынша алғашқы жарыс өтті. Спортшылар 7,5 шақырымдық спринтте екі нысана алаңынан ату кезеңін еңсерді ,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі t.me/sportnurkz телеграм-арнасына сілтеме жасап. 

Қазақстандықтар арасынан Арина Крюкова үздік нәтиже көрсетіп, төртінші орынға тұрақтады. Жүлделі орынға небәрі 5,5 секунд жетпей қалды. Ал Ольга Полторанина бесінші орынға табан тіреді. Сондай-ақ, Дарья Климина жетінші, Полина Егорова 13-ші орыннан көрінді.  

Бүгін ерлер арасында спринт өтеді. Ал бейсенбі күні эстафеталық жарыстарда Азия ойындарының соңғы медаль жиынтықтары сарапқа салынбақ.  

Фото: Kevin Voigt/Getty Images

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу