KZ
Өскемен
-8°
небольшая облачность жел 5 м/с, ОШ
510.49 527.29 5.27

Өскемендегі балмұздақ фабрикасы: жаңа жұмыс орындары және халықаралық сапа

Бүгін, 11:07 82 Төлеуғазы Жансая

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі өңірлік кеңес мүшелері Өскемен қаласындағы «Эмиль» балмұздақ фабрикасына барды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгінде фабрикада 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, ең заманауи жабдықтар орнатылған. Кәсіпорынның өнімдері халықаралық стандарттарға сай қатаң тексеруден өтіп, «Халал» және басқа да сапа сертификаттарын алған.

Фабрикада әлемдік брендтердің рецептілері негізінде балмұздақтың бірнеше түрлері өндіріледі. Өнімдер ересектер мен балалардың талғамына сай дайындалып, республика көлемінде үлкен сұранысқа ие. Кәсіпорын жыл сайын ассортиментін кеңейтіп, өндіріс көлемін ұлғайтуда. Биыл наурыз айынан бастап балмұздақтың жаңа түрлерін шығаруды жоспарлап отыр. Фабрикада өз ісіне берілген жас мамандар көп, сондай-ақ жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі жоғары.

“Нысанның құрылысы аяқталғанға дейін депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері құрылыстың сапалы жүргізілуіне және уақытылы аяқталуына тұрақты түрде бақылау жасап отырды. Бұл – еліміздегі өндіріс процестері толық автоматтандырылған санаулы фабрикалардың бірі. Көрсетілетін қызмет сапасы жоғары, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған кәсіпорын”, – дейді «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нұркенов.

Айта кетейік, бұл фабрика «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында әзірленген Жол картасының тармақтарын орындау мақсатында салынған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу