KZ
Өскемен
-8°
небольшая облачность жел 5 м/с, ОШ
510.49 527.29 5.27

Алтайда жастарға жаңа жұмыс мүмкіндіктері ұсынылды

Бүгін, 10:00 87 Төлеуғазы Жансая

Алтай қаласындағы Технологиялық колледжде жұмысшы мамандықтарының болашағы талқыланған дөңгелек үстел өтті.

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғандықтан, бұл салаға ерекше көңіл бөлінуде. Кәсіпорындар жастарды осы бағытқа тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынуда,- дейді әкімдік өкілдері.

Кездесуде «Казцинк» ЖШС-нің өкілдері, колледж директорлары мен жеке кәсіпкерлер сұранысқа ие мамандықтар туралы айтып, өзара әріптестік орнатты.

Кездесу соңында колледждер мен кәсіпорындар арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Бұл құжат студенттердің тәжірибеден өтіп, тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

Фото: Алтай ауданы әкімдігінен

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу