KZ
Өскемен
-16°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
506.43 522.43 5.28

Бүгіннен бастап оқушылар бірыңғай сабақтарға қатысады - министрлік

24.08.2020, 20:57 150

5-28 тамыз аралығында қашықтан бірыңғай сабақтар өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. 

Сабақ өткен материалды қайталап, жаңа оқу жылына дайындалу үшін 2-11 сыныптар арасында ұйымдастырылады.

"Оқу процесі бұған дейін әр мектеп таңдаған интернет-платформаларда қашықтан өткізіледі. Сабақ 10:00-де басталады, ұзақтығы - 20 - 40 минут. Кестеге негізгі пәндер енгізілген", - деді білім министрлігі.

2-4 сыныптарға 2-3 сабақ, 5-8 сыныптарға  – 3-4 сабақ, 9-11 сыныптарға – 4-5 сабақ өткізу ұсынылып отыр.

Бірінші және екінші күні, яғни 25-26 тамызда балалардың білімі тексеріледі. Сабақта бұған дейін өткен материал қайталанады. Тест пен жаттығулар жасайды.

Үшінші және төртінші күні, яғни 27-28 тамызда алғашқы екі күн нәтижесі бойынша жаттығулар беріледі.


Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу