KZ
Өскемен
-17°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
506.43 522.43 5.28

Карантинде той өткізгендерге қатысты тексеріс басталды

24.08.2020, 20:46 107

Денсаулық сақтау министрлігі Әли Оқапов пен Төреғали Төреәлінің карантин кезінде өткізген салтанатты іс-шараларына қатысты тексеріс бастады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Таңертең біз бұл мәселені талқыладық. Ол менің көзімше Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшинге қоңырау соқты. Қазір қалалық полиция қызметкерлері іс-шаралар жүргізіп жатыр, оқиғаның нақты қайда болғанын анықтау үшін тексеру жүргізіледі. Шынында да тойлар карантин кезінде өтті ме және оларды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес жазалау шараларын қолдануға болатындай қандай санитарлық нормаларды бұзғанын анықтау қажет", - деді министрліктің ресми өкілі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу