«Қыркүйекке дейін...» Даниал Ахметов Ахмердің жолы туралы айтты
![](/kz/uploads/posts/iblock/aab/aab65efd028c453cc155bdc1fcf34c0c.jpg)
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Ахмер жақтағы жол қыркүйек айына дейін жөнделмесе, мердігермен арадағы келісімшарт бұзылатынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өкінішке орай, бұл жол жөнделіп жатқалы үш жылдың жүзі болды. Әлі күнге дейін атқарылмаған жұмыс бастан асады. Мердігер компанияның өз жұмыс күші және техникасы жоқ болып шықты. Сол себепті жаяу жүргіншілерге арналған жол да салынбады, асфальт та төселмеді. Мен қала әкіміне мердігер ұйым есебінен асфальт төсеу үшін ірі жол компанияларын тарту мүмкіндігін қарастыруды тапсырдым. Егер қыркүйекке дейін жол жөнделіп бітпесе, келісімшартты бұзамыз, – деп жазды Даниал Ахметов Instagram-да.