ШҚО-да 30 адамнан коронавирус анықталды
![](/kz/uploads/posts/iblock/9d2/9d29452e35a1347eb22c29044e97e11d.jpg)
Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулікте 30 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде ауру белгілері жоқ тасымалдаушылардың саны – 11, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ал ел көлемінде 17 тамыз 23:559-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 267 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 123 адам – клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы.
Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 35 / 1
Алматы қаласы - 39 / 19
Шымкент қаласы - 2 / 1
Ақмола облысы - 13 / 7
Ақтөбе облысы - 3 / 2
Алматы облысы - 5 / 4
Атырау облысы - 14 / 13
Шығыс Қазақстан облысы - 30 / 11
Жамбыл облысы - 10 / 4
Батыс Қазақстан облысы - 22 / 13
Қарағанды облысы - 32 / 23
Қостанай облысы - 16 / 7
Қызылорда облысы - 1 / 0
Маңғыстау облысы - 7 / 6
Павлодар облысы - 7 / 3
Солтүстік Қазақстан облысы - 24 / 4
Түркістан облысы - 7 / 5
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 103300.