ШҚО кәсіпкерлеріне InfoKazakhstan.kz порталынан тіркеуден өту қажет
![](/kz/uploads/posts/iblock/a96/a964c64586d7ca29f5c80afd5dda11ed.png)
Жұмыс бастауға рұсат берілген бизнестің барлық объектілері 17 тамыздан бастап InfoKazakhstan.kz сайтында талап етілген санитарлық нормалармен танысып, міндетті тіркеуден өту қажет.
ШҚО бас санитарлық дәрігерінің 16 тамызда жариялаған қаулысына сәйкес аймақтағы бизнестің жұмысты қайта бастау тәртібі белгіленді. Жұмыс бастауға рұсат берілген ШОБ субъектілеріне InfoKazakhstan.kz сайты арқылы берілетін санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алу қажет.
- Шектеулерді кезең-кезеңмен алып тастау аясында қызметін қайта бастаған бизнес субъектілері 24 тамызға дейін InfoKazakhstan.kz сайтында тіркеуден өтуі қажет, - дейді ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов.
Осылайша бизнестің басым бөлігі InfoKazakhstan.kz сайтында тіркелу арқылы тексерусіз, хабарландыру тәртібінде жұмыс бастай алады.