KZ
Өскемен
-10°
ясно жел 5 м/с, В
510.49 527.29 5.27

Covid-19: 36/11. ШҚО-да эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

17.08.2020, 03:15 63

Бүгіннен бастап карантин режімі жеңілдетілетіні белгілі. Осы ретте еліміздегі эпидемиологиялық ахуал айтарлықтай жақсарып қалғанын байқауға болады. Мәселен өткен тәулікте барлық өңірді қосқанда коронавирус 337 адамнан анықталды. Соның ішінде Шығыстағы науқастар саны – 36, оның он бірі – ауру белгілері жоқ тасымалдаушылар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Коронавирус бойынша 16 тамыз сағат 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай: Қазақстанда өткен тәулікте 337 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 172 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді, - делінген ақпаратта.  

Өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 34 / 12
Алматы қаласы - 51 / 31
Шымкент қаласы - 4 / 2
Ақмола облысы - 24 / 15
Ақтөбе облысы - 2 / 2
Алматы облысы - 5 / 2
Атырау облысы - 10 / 6
Шығыс Қазақстан облысы - 36 / 11
Жамбыл облысы - 10 / 5
Батыс Қазақстан облысы - 24 / 15
Қарағанды облысы - 37 / 14
Қостанай облысы - 19 / 10
Маңғыстау облысы - 14 / 14
Павлодар облысы - 22 / 7
Солтүстік Қазақстан облысы - 25 / 11
Түркістан облысы - 20 / 15

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 103 033.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу