KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
510.49 527.29 5.27

Түлектер 300 мың теңгелік 10 комбинезон алып берді – Тарбағатай

14.08.2020, 08:38 112

Тарбағатайлық түлектер дәрігерлерге қолдау көрсетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ақсуат ауылындағы К.Нұрбаев атындағы мектептің 1996 жылғы түлектері Тарбағатай ауданының орталық ауруханасына 300 мың теңгелік 10 комбинезон сыйға тартты. Медициналық киімдерді сыныптастардың атынан Гүлжан Кәрібасова есімді тұрғын табыстады.

Аудан әкімінің орынбасары Е.Сабырбаев бұл игі іске қолдау жасаған ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қызмет атқаратын Әсем Тұрлыбековаға және барлық түлектерге ризашылығын білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу