KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
510.49 527.29 5.27

Авторлық өнім: «АЗИЯ АВТО» вездеходтарын сынақтан өткізді

11.08.2020, 09:30 220

Өскеменде «АЗИЯ АВТО» автомобиль құрастыру зауытының инженерлері алғаш рет әзірлеген қар-батпаққа арналған көліктің бірқатар түрін сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оның құрылымында квадроцикл мен ауыр жүк көліктерінің функциялары бар. Осылайша жолсыз жерлерді, қар мен су кедергілерін жеңуге мүмкіндік береді.
Жаңа техниканың локализациялау деңгейі 50%-дан асады. Бұл - зауыттың үшінші түпнұсқа өнімі. Өскемен кәсіпорнында мұндай кез келген жерде жүре алатын көліктердің сериялық өндірісі күздің аяғында басталады.

Қазір зауыт ұжымы сериялық өндірісті бастауға дайындық үшін тәжірибелер өткізуде. Қар-батпақта жүретін техниканың пайдалануға дайын екендігін көз жеткізу үшін мыңдаған шақырымнан тұратын ресурсты сынақтардан өтуі керек.

- Біз жүргізген сынақтар экстремалды жағдайла барлық механизмдердің сенімділігін дәлелдеді. Бүкіл жол талғамайтын автокөлік тік көтерілістерден және төменнен оңай түседі. Су кедергілерінен, шұңқырлар мен терең арықтардан да оңай өте алады, - дейді көліктерді сынақтап өткізіп жүрген жүргізуші Иван Пуряев.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу