KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
510.49 527.29 5.27

Жарма ауданында эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді

10.08.2020, 05:58 59

Жарма ауданында жалпы эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин мәлімдеді.

- Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері өңірде қабылданған шектеу шараларын күшейту мақсатында іс-қимыл алгоритміне сәйкес жұмыстарын жүйелі жүргізуде. Полиция қызметкерлері рейд шеңберінде тұрғындармен шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырып, профилактикалық әңгімелер өткізуде. Аудан азаматтарының денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі бірлескен жұмыстардың нәтижесінде жалпы эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді, - дейді аудан басшысы.

Дегенмен, шектеу шаралары ережелерін бұзушылық факторлар да жоқ емес. Бүгінгі таңда 20-дан астам карантин ережесін бұзушылық туралы факті анықталып, әкімшілік жауапкершілік қаралуда.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу