KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 2 м/с, В
510.49 527.29 5.27

Мария Бейсеқанова - асыл жүректі ана

6.08.2020, 07:06 78

Мария Бейсеқанова – жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың үлкен анасы. 1 қыркүйекте оның педагогикалық қызметіне 45 жыл толады. Осы жылдар ішінде Мария Баймұқанқызы не нәрсеге қол жеткізді?

Ол кісі 30 жылдан астам уақыт басшы болып келеді. Әуелі №15 «Меруерт» балабақша-бөбекжайына, содан кейін облыстық «Бөбек» балалар қорына жетекшілік етті, ал 1998 жылдан бастап «Үміт» балалар үйінің директоры. Мекеме атауы жарқын болашаққа деген үмітті, балалар үйінің қабырғасында тағдырдың жазуымен қалған балаларға деген үмітті білдіреді. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен бірге «Үміт» те өсіп-өркендеді. Осы уақыт ішінде оның қабырғасынан 1 мыңнан астам бала түлеп ұшты, қазір олардың көпшілігі ел игілігі үшін еңбек етуде. Өздерінің Балалар үйінде жұмыс істейтіндері де бар, олар қызметкерлерге жаз бойы түрлі қызықты іс-шаралар ұйымдастыруға көмектеседі.

Мария Баймұқанқызының басшылығымен балалар үйі барлық стандарттар мен көрсеткіштер бойынша заманауи мекемеге айналды. Балалар үйінің балалары – қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері. Олар өздерінің шығармашылық топ жетекшілерімен бірге бүкіл елімізді, Еуропаны және әлемнің жартысын аралап шықты! Ұстаздар мен ұжымның үйлесімді жұмысы арқасында бұл үйде күн сайын мереке. Ересектер балаларға бойларындағы қорқынышты жеңуге, ата-аналарына деген өкпе-ренішті кетіруге көмектеседі. Ең бастысы, оларға осы өмірден өз жолдарын табуға жәрдемдеседі. Мұның бәрі – Мария Баймұқанқызының күнделікті және қажырлы еңбегінің жемісі. Ол үшін басты сыйлық – балаларының жарқын күлкісі мен қуанышты көздері, «Мама» деген жылы да мейірімді сөздері. Ол әр баланың есімін және ауыр тағдырын біледі. Балалар үйінің басшысы болу деген не? Ол – күн сайын «Балаларым қалай? Барлығы аман-сау ма?» деген бір ғана оймен ояну. Бұл әр 24 сағат сайын әр бала үшін үлкен жауапкершілік сезіну. Олардың тұрмысын, болашағын жайлы ету, олар «Үміт» балалар үйінде тәрбиелендім деп айтудан ұялмауы тиіс. Басшының қажырлы еңбегінің және облыс әкімдігінің, білім басқармасының, демеушілердің қолдауы арқасында балалар үйі –үздіктердің бірі. Онда ең талантты балалар тәрбиеленіп, ең үздік мұғалімдер жұмыс істейді.

Мария Баймұқанқызын үлкен кеменің капитаны деп те атайды, ол ұжымын әрқашан жетістікке жетелейді. Бұл жай сөздер ғана емес, бұл бүкіл ұжымның стратегиясы – әрдайым және барлық жағынан озық болу, бұл серпін балаларға қиындықтармен күресуге, кез келген күрделі жағдайдан шығуға септеседі.


Мария Баймұқанқызы бүгінде Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Білім беру ісінің үздігі, «Балбөбек» тұңғыш ұлттық мектепке дейінгі бағдарламасының тең авторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары басшылары республикалық кеңесінің төрайымы, ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы.

Ол «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Ы. Алтынсарин» кеуде белгісімен, «ШҚО Ақсақалдар кеңесінің» құрмет белгісімен, «Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Қазақ тілінің жанашыры» құрмет белгісімен, Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталарымен, «Үздік адамдар» энциклопедиясы қаһарманының құрмет белгісімен, «Балалар досы» медалімен, «Асыл жүрек» медалімен марапатталған. Оның әрбір грамотасы мен медалі – бұл мемлекет тарапынан ұстаздың еңбегі, мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен адалдығы үшін берілген марапат. Бұл марапаттардың құны қандай? Ол – тынымсыз еңбек жылдары, денсаулық, жүйке, жүрегіне жақын ең қымбат және жақын адамдардан айырылу. Рухы күшті жан ешқашан еңсесін түсірмей, ең қиын мәселелердің шешімін тауып келеді. Майра Баймұқанқызын елі, барша шәкірттері, ізін жалғаушылары, жас ұрпақ мақтан тұтады. Мария Баймұқанқызы – нағыз басшының, мейірімді және дана адамның үздік үлгісі.
Сізге шын жүректен денсаулық және ұзақ өмір тілейміз, оқушыларыңыз бен тәрбиеленушілеріңіз сізді өз жетістіктерімен қуанта берсін! Бізді өз идеяларыңызбен, мақсат-міндеттерге қол жеткізу жолындағы креативті тәсілдеріңізбен таң қалдыра беріңіз.

Дина Райымбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу