KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

"Ертіс Концерт" мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті

30.07.2020, 09:31 95

Өскемендегі "Ертіс Концерт"  ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

- "Ертіс Концерт"  ғимаратының ашылуы облыс орталығының тұрғындары және қала қонақтары үшін жақсы жаңалық болмақ.Бұрынғы орталық Мәдениет үйі ұзақ жылдар бойы өз мақсатында пайдаланылмады, бүгін біз оның тарихи құндылығын сақтап, заманауи ғимаратқа айналдырдық, - дейді аймақ басшысы.

Күрделі жөндеуден кейін ғимараттағы көрермен залы үлкейтіліп, дайындық бөлмелері кеңейтілді. ЕСахнаға әлемдік деңгейдегі театр, балет және опера труппаларын шақыруға мүмкіндік беретін акустика жүйесі орнатылды.

Жаңартылған мәдениет үйінде этникалық хореографияның барлық түрін көрсететін үлкен би ұжымы құрылып отыр. Ғимараттың жаңа келбеті мен заманауи дизайнерлік шешімдері мұнда спектакльдер мен концерттерден бөлек, форумдар мен ғылыми конференциялар, шығармашылық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, алдағы уақытта ғимараттың маңайы аббаттандырылады. Мұнда тұрғындардың демалуына арналған шағын саябақ пайда болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив