Аягөздіктер "індет тоқтасын" деген ниетпен құрбандық шалды
![](/kz/uploads/posts/iblock/8da/8dac57a3412ec047733649fdbf96db8d.jpeg)
Шараны ұйымдастырған азаматтар халық арасында тараған індеттің бетін қайтару үшін амал қылып жатқандарын айтады. Өйткені, Құдайдан тілек тілеп, қан шығарып, құрбан шалу –қиындықтан құтқарады деген түсінік бұрыннан бар.
«Садақа бәле-жаланы қайтарады» деген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Аягөз қалалық мешітінде құрбандыққа қой шалынып, барша жұртты алаңдатқан дерттің елімізден алыс болуын тілеп, дұға жасалынды, - деп хабарлайды Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.
Құрбанға шалынған мал еті мұқтаж отбасыларға таратылып берілген.
«Ел арасында қазанға қара су қайнатып отырған, жағдайы өте нашар адамдар көп екен. Балалы-шағалы отбасыларға, жалғызбасты әйелдер мен қарияларға тараттық. Ел басына күн туған сәтте, шынын айтсақ, іштей қатты қиналып кеттік. Шыдай алмай, бұрынғы салтымызды жасап көрейік деп шештік, - деді қала тұрғындары.